Қаз 03 2013

Шықпа жаным, шықпа…

Күнделікті жұмыс күндерінің бірі… Астана… Іші адамға толы автобус…Ығы-жығы…Бір кезде “Шапағат. Әлем” деп аялдаманың атауын кондуктор аға барлығы естісін деп айғайлап айтты. Сол жерден манадан бері аузы мұрнынан шыққалы тұрған адамның тең жартысы түсті. Күннің қақаған аязы болсын, ми қайнатар шіліңгір шілдесі болсын, ол жандар үнемі қара базарда жүреді. Күн көрістің қамы.

Кешкі сағат сегіздер шамасы… Тағы “Әлем. Шапағат” аялдамасы жарияланды. Бірақ бұл кезде өзі адамға толып тұрған автобус қара базардан мінген қазақтарға толды. Түрлері шаршаңқы, киген киімдері ұсқынсыз, қолдарында азық-түлікке толы бір-екі пакет. Әйтеуір жанталасқан тірлік. Әйтеуір тіршілік үшін күрес. Астананың өмірлік ритміне шамалы адам ілесіп кете алмайды ау. Ритмге ілескендер баяғыда төрт қабатты үй салып, “геликпен” жүр. Ал ритмнен адасып қалғандар автобуспен жүріп, бір сасық орыстың “времянкасын” паналап жүр. Әйтеуір шықпа жаным, шықпа… Сол жанын шүберекке түйіп, автобуспен жүріп, времянкада тұратын қазақтардың қатарына менде қосылдым. Жылтыраған астананың жылтыр емес өміріне менің де тап болғаныма бүгін тура бір ай. Менде келгеннен бері шықпа жаным, шықпа деп әрең жүрмін.

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Там 13 2013

Рауғаш ерте гүлдейді

Бейбіт Сарыбай,     “Рауғаш ерте гүлдейді”
Университет алдындағы аялдамада адам қарасы көп екен. Жарты сағаттан астам уақыттан кейiн Құдайға қараған бiреуi тоқтады-ау әйтеуiр. Сол жиырма адамдық шағын автобусқа қырық тоғызыншы болып мен де кiрiп үлгердiм. Елдiң өзi бiр аяғын қоярға жер таппай тұрса бiр кесiр жолдас – отыратын орын жоқ екен иә,-деп өзiнше өкiнiш бiлдiрдi. Оның сөзiне мырс еттiк те қойдық. Бiр кезде менiң қолымды бiр кiшкентай қолдың қыса ұстағанын сездiм. Қасымда тоғыз, ондар шамасындағы екi кiшкентай қыз тұрған, солардың бiрiнiң қолы екен. Сақтық жасап тұрған шығар деп үндемей тұра бердiм. Сөйтсем ол қыз менiң қолымды қасындағы қыздың қолы екен деп шатастырып ұстап тұр екен. Бiр кезде қолдың үлкен екенiн сездi-ау деймiн, қолын ары-берi жылжытып ұстап көрдi де айналасына қарады. Мен оның сәби жүзiне күле қарадым.
 
Қол менiкi дегенiм шығар. Ал, ол болса бетiме үнсiз таңырқай қарап тұрып бiр кезде күлiп жiбердi. – Бәсе, мынаның қолы қалайша үлкейiп кеткен деп таңданып тұрсам сiздiң қолыңыз екен ғой,- деп қасындағы қызды нұсқады. Ал, содан кейiн екеуара әңгiмемiз жанданып сала бердi дейсiң. Жол бойына iш пыстырмайтын серiк табылғанына iштей қуанып та тұрмын. Үстiме iлiп алған жұпыны киiмiмнен қай топтағы адам екенiмдi аңғарса керек, – Қаншасыншы курста оқисыз? – дедi. Мен қалжыңға сүйеп: – Қаншасыншы курсың не айнам-ау, мен мұғалiммiн, – дедiм. Ол сенген жоқ. Сенбегенi былай тұрсын, -
 
Ал керек болса, мұғалiммiн деп қояды. Үстiне киiп алған киiмдi қарап қойсашы, – деп келеке қып күлдi. Мен болсам «ұялған тек тұрмастың» керiне салып, – Иә рас, мұғалiммiн, – дедiм.
 
- Қай сабақтан бересiз?
 
- Тарих және география пәндерiнен.
 
Менiң шынымен мұғалiм екенiме деген күдiгi сейiлмесе керек, сынап бiлгiсi келдi.
 
- Так, сiз география пәнiнiң мұғалiмi болсаңыз мынаны бiлуiңiз керек. Нiл өзенiнiң ұзындығы қанша? Осы сұраққа жауап бере алсаңыз сенейiн,- дедi. Өлген жерiм осы екен дедiм. Шынымды айтсам бiлмейтiн едiм сол өзеннiң ұзындығының қанша екендiгiн.
 
Мектеп программасында оқуын оқыдық қой, бiрақ ұмытып қалған екенмiн. Сұрап алған ауруға дауа жоқ, ендi неде болса жауап беру керек. Оның үстiне автобус iшiндегi iшi пысып келе жатқан жұрттың бәрiнiң назары әлдеқашан бiзге ауған. Аузыма қайдан түскенiн бiлмеймiн – 6000 шақырым, – дедiм. Қу қыз сықылықтап бiр күлiп алды да, – Әй, мұғалiм ағам-ай, неге өтiрiк айтасыз. Таппадыңыз. Бiлмесеңiз мен айтайын бұдан былай жадыңызда сақтаңыз. Әлемдегi ең ұзын өзен осы Нiл өзенi. Бұл өзеннiң ұзындығы 5400 шақырым, – дедi. Мен құтылып кетпек болып – Сен оқығанда сондай болған шығар.
 
 
 
Өзендер бiр қалыпта тұра бермейдi. Жиi-жиi ұзарып не болмаса қысқарып тұрады. Сен оқығанда бес жарым мың шақырым болса одан берi ұзарып алты мың шақырым болған шығар, – дедiм. Қу қыз бұл жолы да оңай құтылдыра салған жоқ. Одан әрмен келеке қылып – Әй, аға-ай, сiзде қатырады екенсiз. Сiз тұрмақ сiздiң әкеңiз оқығанда да осылай болған. Және сiздiң немереңiз де осылай деп оқитын болады. Менi неге алдайсыз.
 
Бiлмесеңiз бiлмеймiн деп айтпайсыз ба? Мен сiзге екiлiк баға қойғалы отырған мұғалiм емеспiн ғой. Шынымды айтсам сiз мұғалiм емес, талантсыз актер сияқтысыз.
 
Содан аз-кем уақыт үнсiз тұрды да қайта бастады. – Сiз жаңа география мен қоса тарих пәнiнен де сабақ беремiн дедiңiз иә. Онда айтыңызшы, Египетте ел билеушiнi не деп айтады? Мысалға бiзде президент дейдi,- деп бастады да ұзақ-сонар мәлiметтердi алдыма жайды дейсiң келiп. Қай мемлекетте қалай айтатынын айтып шықты. Ал ендi айтыңыз дедi. Сәл ойланып алу үшiн қулыққа көшiп сұрағыңды түсiнбей қалдым, қайталашы,- дедiм. Ол болса тақылдап тұрып – Египетте ел билеушiнi не деп айтады?- дедi. Бiлетiн-ақ сияқты едiм, есiме түсiре алсамшы. Жұрт назары жеп барады. Бiлмей қалсам ұят болады.
 
Өзiме де обал жоқ, бағана география пәнiн ғана айтсам ғой бұл сұрақты қоймас едi. Бiр пәндi азсынғандай екiншi пәндi айтып нем бар едi. Ендi азабын тартып жатырмын. – Бiлетiн едiм. Тек жұмыстан шаршап шыққандыкi ме есiме түсiре алмай тұрмын. Басқы әрпiн айтшы, – дедiм.
 
- П
 
- Так, так, так… Тiлiмнiң ұшында тұр. Соңғы әрiпiн де айтшы.
 
- Н
 
- …
 
- Болды өзiңiздi-өзiңiз қинай бермеңiз. Бiлмейсiз ғой. Жаттап алыңыз. Ежелгi Египетте ел билеушiнi Перғауын деген. Әй, мұғалiмiм-ай, ұятқа қалдыңыз иә. Егер сiз мұғалiм болсаңыз онда бiзге оқудың керегi жоқ шығар.
 
Мына қыздан тiрi тұрып құтылмасымды бiлдiм де әңгiме ауанын басқа жаққа аударғым келдi.
 
- Өзiң кештетiп қайдан келе жатырсың?
 
- Парктен.
 
- Ұнады ма?
 
- Ұнағанда қандай…
 
- Ақшаң жетпей қалған жоқ па?
 
- Қайдағы-ы-ы. Қайта керiсiнше мың теңгемiз артылып қалды. Мамам маған бес мың теңге берген. Төрт мың теңгесiне жақсылап қыдырдым. Қалғанын өзiне қайырып берем.
 
- Көп ақша берiптi ғой.
 
- Иә көп бердi. Өйткенi, бiздiң уәдемiз бар болатын. Сол уәде бойынша мен бiрiншi тоқсанда барлық сабақтан беске шықтым. Ал, мамам бес мың теңге бердi.
 
Қасында тұрған өзi қатарлас кiшкентай қыз бен баланы ымдап – Мына достарыңа қаншадан бердi? – дедiм. Оларға қарап тұрды да қолын бiр сiлтеп:
 
- Ә-ә бұларға ма. Бұларға берген жоқ. Себебi, бұл екеуi де мамаға берген уәделерiн орындай алмады. Мынау сiңлiм. Бұл екi сабақтан төртке шығып қалды да сыйлықтан құр қалды. Ал анау iнiм. Ол тура сiз сияқты дым бiлмейтiн сауатсыз. Менiң жақсы оқығандығымның арқасында ғана бүгiн қыдырып келе жатыр. Ертпей тастап кетейiн дедiм де аядым. Жақсы оқыса қандай сыйлық алатындарын көрiп ынталансын деп те ертiп алдым.
 
- Папаң кiм болып жұмыс iстейдi?
 
- Сiз менiң сөздерiме қарап үлкен қызметкердiң қызы екен деп ойлап тұрған шығарсыз. Жоқ, мүлде олай емес. Егер солай деп ойласаңыз қателесесiз. Папам автобус айдайды. Ал, мамам сол автобуста кондуктор.
 
- Сен менi әбден тексердiң. Мен де сенi бiр тексерiп көрсем бола ма?
 
- Болады, неге болмасын.
 
- Жаңа сен жақсы оқимын дедiң иә. Сен жақсы оқысаң мынаны бiлуiң керек. Көктемде ең бiрiншi қай гүл өсiп шығады. Ерте өсетiн гүлдi айтшы, – дедiм өзi құсап тақылдап. Ол мүдiрген жоқ.
 
- Бiлмей қалса екен деп тұрған шығарсыз. Өкiнiшiңiзге орай бiлемiн. Сiз өте оңай сұрақ қойдыңыз. Көктемде ең бiрiншi қауыз жаратын, ерте өсiп шығатын гүл бәйшешек деп аталады. Ол барлық гүлден бұрын өсiп шығады. Тiптi көктемнiң шығуын күтпей-ақ қыстың соңына қарай қардың астында жатып та өсе бередi.
 
- Онда сен де сол бәйшешек екенсiң.
 
- Неге?
 
- Өйткенi, сен де ерте гүлдепсiң. Көктемнiң шығуын күтпей-ақ, ең бiрiншi болып.
 
- Жоқ мен бәйшешек емеспiн. Мен деген рауғашпын. Менi папам солай атайды. Жақсы көрген кездерiнде рауғашым менiң деп еркелетедi. Сiз рауғашты бiлесiз бе, ол көп жақтарда өспейдi. Тауда ғана, онда да алыс тауларда ғана өседi.
 
- Бiлемiн. Бiздiң тауда да өседi. Мен оны жақсы көремiн…
 
- Сiз де Нарынқол мен Кегендiкiсiз бе?
 
- Иә, оны қайдан бiлдiң?
 
- Түрiңiзден байқалады. Оның үстiне мен де сол жақтанмын. Рауғашты көбiне бiздiң жақтыкiлер ғана бiледi.
 
- Сонымен рауғашпын де.
 
- Иә, рауғашпын. Рауғаш қышқыл болады ғой. Мен де қышқылмын. Сосын рауғаш та ерте гүлдейдi. Жаз шыға салысымен пiседi. Бiрақ бiр аяныштысы сол, оның ғұмыры өте қысқа.
 
Қолы жеткендер жеп үлгермесе тез қатып қалады. Жоқ болып кетедi. Сол үшiн елдiң бәрi оны аңдып жүредi де пiсе салысымен терiп алады. Және оған әркiмнiң қолы жете бермейдi.
 
- Оның бәрiн бiлемiн. Мен рауғашты қатты жақсы көремiн…
 
Алматы көшелерiнiң тығынынан зәрезап болған жұрт бұл күнгi жолдың ұзара түскенiн тiлеп келе жатыр едi iштей. Өйткенi, олардың барлығы да «Рауғаш» екеумiздiң әңгiмелерiмiзге берiлiп кеткен едi. Тыңдай бергiлерi келетiн сияқты. Менi емес әрине, мына бiр ерте гүлдеген «Рауғаштың» қышқыл да тәттi қылықтарын тамашалап келе жатыр едi. Ол сол қаптаған көзқарастардан қысылғандай болып маған сыбырлап қана –
 
Еңкейiңiзшi, – дедi. Мен еңкейiп құлағымды оның аузына жақындаттым. Ол сыбырлап қана – Мыналардың бәрi бiздi тыңдап келе жатыр ғой. Естiп қоймасын. Қызыңыз бар ма? – дедi.
 
- Бар.
 
- Аты кiм?
 
- Жансая.
 
- Әдемi ат екен.
 
- Өзi де сұлу.
 
- Мен сияқты ма?
 
- Иә.
 
- Қашан үйленесiз?
 
- Оны не қыласың?
 
- Жай, менi де шақырыңыз деп айтайын дегенiм ғой.
 
- Сенi кiмiм деп шақырайын?
 
- Жай танысым едi дей салыңыз.
 
- Танысым дегенге сенсе жақсы. Сенбей қалып бұрынғы қызың шығар десе пәлеге қаламын ғой.
 
- Неге, олай деп ойламайтын шығар жынды болмаса. Мен кiшкентаймын ғой. Ой, сiз менi бiлмейсiз ғой. Мен деген кереметтей әншiмiн ғой. Тойыңызға шақырсаңыз мен ән салып беремiн. Керемет өтер едi.
 
Өмiрде осындай қызықты сәттердiң қысқа болатыны, қысқа болғанда да тым қысқа болатыны жаман да. Бiздiң де екеуара қызықты сәттерiмiздiң соңына жеткенiмiздi қыздың өзi жеткiздi.
 
- Сiз қай аялдамадан түсесiз?
 
- Экраннан.
 
- Қап-ай, а…
 
- Неге өкiндiң?
 
- Мен Станислав аялдамасынан түсетiн едiм…
 
- Түссең не қылады?
 
- Жолда машиналар көп қой. Өту қиын. Сiз бiздiң аялдамадан түссеңiз бiздi  жолдан өткiзiп жiберсе болар едi деп ойлағам…
 
Сол аялдамадан түсiп қалып, «Рауғаш» қызды жолдан өткiзiп, тiптi үйiне дейiн жеткiзiп салуыма болар едi. Тек әр сөзiмiздi қалт жiбермей бағып отырған адамдардан ұялып, өз жөнiме қарай кете беруiме тура келдi. Қыз автобустан үнсiз түсiп бара жатты. – Қыз-ау, пока демейсiң бе? Қоштаспай кетiп бара жатқаның не? – дедiм. Ол болса – Пока демеймiн.
 
Во первых, сiз менi алдадыңыз. Во вторых, тойыңызға шақырғыңыз келмедi. Ол аз болса, менi жолдан өткiзуге де жарамадыңыз, – деп айыптап кеттi. Олар түсiп қалғаннан кейiн автобусымыз әрi қарай жүрiп кете бердi. Көлiктiң артқы терезесiнен қарап едiм жолдың жағасында тұр екен. Қолын бұлғап қала бердi. Мен iштей, «Аман бол, айнам» деп кете бардым. Ал, автобустың iшiндегi адамдар ендi не iстер екенсiң дегендей маған көз алмай қарап тұрды. Кейбiрi жылы жымиып тұрды. Көз алдарында басталып, көз алдыларында аяқталған ғажап киноның аянышты кейiпкерiне аяушылықпен қарайтын сияқты бәрi. Ал, мен болсам перiште қызға тiл-көз тиiп қалмаса екен деп iштей түкiрумен болдым.
 
Рауғашпын дедi ме. Ол аздай рауғаштың ғұмыры қысқа болады дедi-ау. Қаптаған корзина гүлдерiнiң арасында өсiп тұрған осы бiр рауғаштың ғұмыры ұзақ болса екен…

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Там 12 2013

Жазира Байырбекова «Қыз бақыты

«Қыз бақыты»

1. Білерсің, арудың еркі кімде,

Сынбасын жарыңның серті мүлде,

Өзіңнің үйіңе қадам бастың,

Құлыным, қонақ едің төркініңде.

Қайырмасы:

Ақботам,

Ал енді, қош аман,

Жар болсын өзіңе Жасаған!

Күтіп тұр, әнекей, қосағың,

Күтіп тұр, жанұяң, босағаң!

2. Қызығып, көркіңе жүз қарадым,

Тағдыры осындай қыз баланың,

Ақ бесік тербету нәсіп етсе,

Жасарсың, анаңның ізгі амалын.

Бағыңа сүйсініп, тағдай қақшы,

Еліңе судай сің, балдай батшы,

Әлпештеп өсірген перзентіңнің,

Бақытын тапқаны қандай жақсы.

Қайырмасы:

Ақботам,

Ал енді, қош аман,

Жар болсын өзіңе Жасаған!

Күтіп тұр, әнекей, қосағың,

Күтіп тұр, жанұяң, босағаң!

 

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Там 12 2013

Үміт… Күдік… Сенім…Сезім…

Published by under Әттеген-ай...

Блогқа жазба жазып, ойыммен бөліспегелі көп болды. Қым қуыт тірлік. Бітпейтін жұмыс. Соңына түссеңде, бәрін тауып болмайтын ақша. Әйтеуір тіріміз, бір сөзбен айтар болсам. Бармыз. Тек көңіл күй… Кешелі бері өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Сондықтан да блогымның бетін аштым ау… Блогымдай сенімді, әрдайым тыңдауға даяр тұратын ештеңе жоқ ау. Әскерден  азаматын күткен қыздай менің блогым мені күтіп көзі төрт болып отырады. Кейде босап, қаңырап тұрады. Кейде толассыз эмоциядан жарылып кете жаздайды. Блог – менің көңіл-күйімнің бет-бейнесі. 

Бұл жолы да блогыма мұңымды шағу үшін кірдім. Қуаныш бола қалса, блог жайына қалары қызық. Көңілім пәс. Жүрегім сыздайды. Жанарға жас толып тұрса, да жылай алмаймын. “Жақсы көру, сағыну, сол жанды құшу,  бұрын айта алмағанымды айту, үнсіз тілдесу” бар арманым қазіргі осы. “Аллаға үміт артып, барлығы жақсы болатынына сену керек” деп жатса да, түні бойы түрлі ойлар маза бермеді. Ұйқы қашты. Ойды ой қуып… Ойдан ой туып…

…”Ертерек кездескенімде ғой” деген әттеген айлар… Болмашы нәрселерге ренжігенім үшін өзімді кінәлау. “Менімен байланысқаны үшін алған жазасы ма” екен деп өзімді жазғыру. Шынымен де солай сияқты болып көрінеді. Себебі, оның еш кінәсі жоқ. Тек бақытты болғысы келеді. Әрбір күн мен түнді қуанышпен қарсы алып, күлкімен шығарып салсам, Меннен бір “үлкеен” адам шығарсам, Мені биікке көтерсем,  Сол қуаныш пен жетістікке бірге қуансақ дейді. Табиғаттың заңдылығы бойынша балалалы болсам дейді. Сол сәбилерді өсіріп, жеткізіп, қызығын көрсем дейді. Бұдан басқа еш арам ойы жоқ…

Ойлаған сайын жанарыма жас толады. Неге екенін өзім де білмеймін. Бұл жолы сол мөлдір жас өз ұясынан ыршып түсті. Кешелі бері шықпаған жас, эмоция… Төгілді жаңбырдың жауынындай…

Көп жағдайда өзімді бейтарап ұстағасын. Бұл жағдайда да, оның “маған жаны ашымайды, оған бәрібір” деуі абден мүмкін. Оныкі дұрыс. Сезім бола тұра сезіктеніп, сескенетін, Жүрек бола тұра, жүрексінетін… Ол мен… Барлық әрекетім үшін кешірем өтінем. Саған деген сезімім бұлақтың суындай таза. Оны айтуға батылым еш бармады. Жақсы көрем… Тек үнсіз. Екеумізге арналған арман құрам… Ол да үнсіз…  Бұл жолы да үнсіз қалдым… Мына жағдайда сенің көңіліңді одан бетер түсіріліп алам ба деп… Амандығыңды тілеймін. Саулығыңды тілеймін… Тек үнсіз…

Жаңа күн туғанымен жүректегі ауырлық әлі кетпеді. Кешелі бері “Неге олай?” деген сауалды өзіме сан рет қойсам да, жауабын таба алмадым. Үміт артам, бәрі жақсы боларына сенем. Бір сені жақсы көрем…

12 тамыз 2013 жыл сағат 12-20.  Қостанай қ. 

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Мау 05 2013

Соңғы сөз… Соңғы әңгіме…

Published by under Әттеген-ай...

 
- Қиналдым, Ар азабы жаман бәрінен!
- Ол бұрын салынған суреттер. 

Жақсы мен ақталмай ақ қояйын
- Cөйтші, алдымда төмендеме! Менің биік шынарым, орындалмас арманым, бұйырмас бағым, лайланбас бұлағым болып қала бер мәңгілікке… Жүрегімде…
-Сенімен өткізген әрбір сәт…сенімен сырласқан уақыттар… Мазаңды алмайын
- Жоға айтып ал…Осы жолы шынымен қойсақ
саған да, маған да жеңіл болар. Сондықтан айтар әңгімең іште қалмасын
 
- Бәрібір іште қалады… 
Оданда ішқұса болған дұрыс…
 
5 маусым 2013ж.
12.00
Қостанай-Астана
 

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Мам 23 2013

Махаббаттың оңтайлы шағы қашан?!

Published by under қойын дәптер

“Сүйген жүрек – өмірдегі тірек. Күні-түні соғады, Саған бақыт тілеп” деген ән бір кездері жүрекке жылы тиіп, әдемі әндердің қатарында болды. Көпшілікке бұл ән ұнағанда болар. Бірақ, әңгіме бұл ән жөнінде емес. Сол өмірлік тірек, Алладан дін аман болуын тілейтін жандарымыз жайлы болмақ.

Бұрындары “Ол үшін өз өмірімді беруге даярмын” дейтіндерге “мыналар қуатын шығар” деуші едім. Енді өз басымнан сол жағдай өтуде. Әрине, бұл тек жігітке арналған сезім болмауы мүмкін. Менің жағдайымда ол туғандарым, ата-анам, бауырларым… Және ол. Онымен бір жылдай араласқаннан соң оны уайымдап, ойлай бастадым. Сағынбаймын десем де сағынамын. Көрмеймін десем де көргім келеді.

Иә, мен қайта ғашық болдым… Екі жылдан кейін барлық болған жғдайды ұмытып, сезімге ерік бердім. Қазір бір тілейтінім, бірге қуанып, бірге күн кешуді Алла нәсіп етсінші деп. Себебі, бір адамның әке орнына әке, дос орнына дос, аға орнына аға және сүйіктің бола білетін жалғыз адам.

Осы араласқан бір жыл ішінде жандүниемде “болмайды”, “ойға сыйымсыз” деген ойлар көп болды. Өзімнен алыстатып та көрдім. Бірақ, сағынып, іздеп, табысып жаттық. Өмірдің қысқа екенін білсек те, мәғгілік өмір сүретіндей “ел не дер екен?”, “туғаным не дер екен?” деп ойлайтынымыз бар. Қазір ештеңені ойламауға тырысып жүрмін. Кім не десе де… Себебі, әркім өз өмірінің сәулетшісі.

Махаббаттағы ер мен әйелдің жас айырмашылығының болуын бұрыннан қалайтын едім. Сол болды. Ол менен 17 жасқа үлкен. Сол жас үшін де араласпауға тырыстым. Бірақ мұнша екі жанның, екі адамның жандүниесінің жақын болуын алғаш рет сездім. Оның мен үшін қаншалықты қымбат екенін енді ұқтым. Бір өзі мен үшін бір әлемге татитынын уақыт келе түсіндім. Сондықтан да қарсылық танытпай, ол мені, мен оны сүйіп келеміз. Әрине, бір жыл деген біреуге аз, біреуге көп. Біз үшін он жылға татитын уақыт болды. Көптен бері араласып жүргендей әсерде болдық. Екеуміз екі қалада болғандықтан іздеп баратын жағдайға жеттік. Сағындық. Іздедік, бір-бірімізді таптық. Ертең не боларын ол да, мен де білмейміз. Бірақ сезімге сенеміз. Махаббатқа нанамыз. Кейде біз махаббат үшін оңтайлы сәт, оңтайлы жағдай іздейтініміз бар ғой. Сол сәтті іздемей ақ, өмір сүру керек екен. Махаббатта оңтайлы сәт, оңтайлы жас жоқ екенін енді түсінгендеймін.

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Сәу 25 2013

Донор болу ерлік пе? Әлде ақша табу көзі ме?!

Қазіргі сананы тұрмыс билеген заманда «бүйрек сатамын», «донор боламын» деген хабарландыруларды жиі кездестіреміз. Бұл замани өзгеріс пе әлде ақша табудың ең оңай жолы ма?! Әрине ол белгісіз. Бүгін біз сондай «ағзасын сатушы» кісілермен кездесеміз. Және де қайтқан адамның бір ағзасын өзге жанға беріп, оған жаңа өмір сыйлау қаншалықты ойға сыйымды?!
Бұрын өзге Еуропа және Ресей елінде «адамның ағзасы сатылады» екен деген бағыттағы әңгімелерді жиі еститін едік. Сол үрдіс бізге де келіп жеткендей. Жаһандану заманы деп жүріп, ағзамызды сатуға біз де жетіппіз. Жетіскендік пе? Әлде жеңіл ойлылық па?!
Сенімді дерек көздерінің мәліметі бойынша Қазақстанда қазіргі күні донорлар базасы өзге елдерде сияқты әлі жасалмаған. Және де қазақ қоғамы әлі де донор болуға дайын емес. Өзінің бүйрегін кім-кімге қисын… Дегенмен бұл мәселенің де шетел мамандары жолын тапты. Яғни жол апатына ұшырап немесе басқа да жағдайларға тап болып, жан тапсырған адамдардың сау ағзаларын науқас жандарға трансплантанттау. Бірақ мәселенің бұл жағы да біздің қоғам үшін түсініксіз. Әзгілік әрекеттен де ірік іздейтіндер де арамыздан табылып жатыр.
images
 
Дәрігерлердің айтуы бойынша, қайтқан бір адамның ағзалары 8 адамның өмірін сақтап қала алады. Бірақ, бізде ондай түсінік әзірше қалыптаса қойған жоқ. Мысалы,біреудің қайтқан күйеуінің ағзасы айталық жүрегі біреудің өмірін сақтап қалсын деген тілектің орнына қара жерге ағзасы түгел болып тапсырылсын деп жатады. Адам о дүниелік болған соң, оның ағзасының түгел немесе біреуге трансплантталғаны маңызды еместігін ақ халатты абзал жандар үнемі айтып отырады. Германияда мысалы, жасөспірімдер 18-ге толғасын өздерінің донор болуға келісімін беретіні жөнінде қолхат жазып береді. Сосын оларға тегін қаралып, емделуге мүмкіндік береді. Ал бізде өкінішке қарай, ондай ұғым да, ізгілік түсінік те қалыптаса қоймапты.
Көпшілік ағзаның трансплантантын мұсылмандарға қарсы келетін әрекет дейді. Дегенмен бейресми мәліметтерге сай, мұсылмандардың 10 пайызы ғана бұған қарсы екен. «Мәңгілікке бір төмпешік болып жатқаннан ағзаңның біреудің өмірін сақтап қалғаны артық» деген пікірді ұстанған жандар арамызда ілеуде біреу.  
Қазақ халқы «денсаулық – зор байлық» деп бекер айтпаса керек. Бүгінгі күні бүйрегін пұлдап сатқан жанның ертеңгі болашағы, денсаулығы не болмақ деген сауал әркімді мазалары анық. Ал батыстың сасық дәстүрі бізге таңсық болған заманда «ағза транспланты» деген ұғымды дұрыс түсінсек игі. 

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Сәу 25 2013

Сезімге берік жүрек

Published by under қойын дәптер

bi3X3BkpjUk
Адамзат баласы біреуге қатты ренжігенде немесе қолынан бір іс келмей жатса, өткен өмір жолының сәулелі тұстарын еске түсіріп, тамсана еске алады. Сол сәулелі тұстар менің де жанымды жылытып, болашаққа жетелейтіндей көрінеді. Иә, ол баянсыз махаббат болса дағы… Сағынышпен еске алар шақтарым көп…
Кеше де сол келмеске кеткен күндерді еске алдым. Неге?! Неліктен?! деген сауалдарды әлі күнге өзіме қойып, жауап табар емеспін. Әлі күнге дейін оны сағынам, іздеймін… Ал ол бұл сезімнің менің бойымда өшпегенінен бейхабар. «Мен Ж..дей аруды ешқашан кезіктірмедім» деп айтқаны да сол естелікке жан бітіргендей болды.
Орындалмас арманым…Бұйырмас бағым…деген тіркестер сананы торауылдаса да, жүрек көндігер емес. Сол кезді, сол сезімді, сол адамды… Қалайды, іздейді, сағынады…   

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Жел 20 2012

Қариялар…

Published by under Әттеген-ай...

Бүгінгі қоғам жаһандану заманы болса, сол заманмен бірге данагөй қарияларымыз жұтылып бара жатқандай. Себебі, қазақ қоғамында қашанда данагөй, көнекөз қарт-қарияларымыз көп болатын. Қазір олардың қатары тіптен сиреп кетті. Оның орнын жүзінде иман, тілінде кәлимасы жоқ, қыз-қырқынға қырындаған қу шалдар ғана қалды. Балалары мен немерелеріне ақыл айтатын қайран қарияларымыз ай…

Елуді еңсерсе де есі кірмеген ер азаматтар көбейіп кетті. Есіл дерті жас қызда, ішімдік пен темекі де… Ертеңгі күнін емес, бүгінгі шағын ойлап әлек… Әттең… Қайда барамыз?! Жөн сілтеп, ақыл айтар қарияларымызсыз кім боламыз? Тілден жұрдай болып отырғанда, енді “қазақылығымыздан” ада қалмасақ екен… Жан айқайды естір жан жоқ… (мына сурет в контактеден алынған)

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

Қар 28 2012

Жанарыңмен тілдестім

“- Сәлем, қалың қалай?

- Сәлем… Жақсы… Өзің амансың ба?

- Иә, халіңді біліп, хабарласпағаныма ренжідің бе?

- Жоқ… Бәрі дұрыс! Оныңа да үйрендім ғой…

- Үнемі, неге солай өкпелі сөйлейсің, жазығым не?

- Ал менің жазығым не?! Сені шын сүйіп, сарғая күткенім бе? Достарыңмен бірге жүргеніңде бәрін ұмытып кететінің… Көзге ілмейтінің… Маңызды тақырыптарда сөйлесуден қашқақтайтының…

- Жанным, қайта бастамашы…

- Жоқ, мен бастап жатқаным жоқ, аяқтауға бел будым” – деп екі жас үндемей бір-бірінің жанарымен тілдесіп, кете барды… Екі жаққа…

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

No responses yet

« Prev - Next »